Атырау облысында жолаушылар пойызы бес түйені басып кетті

220
көрілім
Фото:gas-kvas.com сайтынан

Атырау облысында «Волгоград-Ташкент» бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы 5 түйені басып кетті. Тепловоз машинисі шұғыл тежеу тетігін іске қосқанымен, пойыз тоқтап үлгермеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 13 қаңтарда болған.

«Жылыой ауданындағы Құлсары теміржол стансасының машинисі шұғыл тежеу тетігін іске қосты. Бұған теміржол бойында бірнеше түйенің жүргені себеп болған. Алайда, жолаушылар пойызы тоқтап үлгермей, бес түйені басып кетті», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Түлік иесінің теміржол бойында мал жаюы — заңсыз әрекет. Сол себепті, мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Шұғыл тежеу ​​және жануарлармен соқтығыстың салдарынан пойыздар ұзақ тұрып қалады. Локомотивтер зақымданып, шығынға ұшырайды. Осыған байланысты көліктегі полиция департаменті үй жануарларының иелеріне қауіпсіздік шараларын ескеріп, теміржол маңында мал жаюда сақ болуды ескертеді», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.