Автокөлікке мемлекеттік нөмірдің телнұсқасын қалай алуға болады?

327
көрілім

Облыс бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары осы бойынша толығырақ мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Олардың айтуларынша, жүргізушілер көбінесе әлсіз бекітуге байланысты немесе қатты жел, жаңбыр және басқа да көптеген себептерге байланысты нөмірлерін жоғалтады. «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалы ақпаратынша, мемлекеттік нөмірді қалпына келтіру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға барып, тиісті өтінім беру қажет.

- Жаңа нөмірлер дайындағаны үшін 2,8 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет болады. Егер бір нөмірді қалпына келтіру қажет болса, онда 1,4 АЕК мөлшерінде, - деп атап өтті Мемлекеттік корпорация филиалының директоры Азамат Есембулов.

Мамандар сөзінше, егер тұрғында бірнеше көлік болса, телнұсқаларды қалпына келтірген кезде әр көлікке жеке өтінім беру керек.

- Айта кетейік, Өскемен қаласының мамандандырылған ХҚКО Абай даңғылы 203/3 мекенжайында орналасқан. Жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді, - делінген мәліметте.