Болашақ дәрігерлердің парасаттылығы

211
көрілім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша Департаментінің қызметкері Мейіргүл Сахариева Өскемен медициналық колледжінің студенттерімен парасаттылық идеологиясын ілгерілету және өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша онлайн форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер жеткізіліп, әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

Сонымен қатар шараға «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері қатысты. Аталған клуб қызметінің негізгі мақсаты – колледжде жоғары өнегелі, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік-құзыретті азамат пен өз елінің патриотын қалыптастырып, дамыту үшін жағдай жасау.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарына жастарды тарту және олардың мүмкіндіктерін кеңейту, аталған бағыттағы мәселені шешудің кілті болмақ, – дейді Мейіргүл Саахариева.