Бүгін еліміздің 12 қаласында ауа ластанады

543
көрілім
Фото 365info.kz сайтынан

Бүгін Қазақстанның 12 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап. 

Соған сүйенсек, 29 ақпанда Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Орал, Өскемен, Риддер, Теміртау, Қарағанды, Жезқазған қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
- Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы, - делінген мәліметте.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.