«Дәстүр мен ғұрып» жобасы: Қайырымдылық күніне орай Өскеменде фестиваль өтті

246
көрілім

15 наурыз – Қайрымдылық күні  болып белгіленіп отыр. Осы ретте бүгін қалада бауырсақ түрлері насихатталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында және Наурызнама мерекесіне орай қазақ халқының ұлттық бренді – бауырсақтың түрлерін насихаттау мақсатында  «Ақ бауырсақ» мерекесі, «Бауырсақ-FEST» фестивалі ұйымдастырылды.
Қып-қызыл болып піскен бауырсақтарды, томпиып, торсиып дастарханның сəнін келтіретін шай бауырсақ, ши бауырсақ, жол бауырсақ, май бауырсақ, кеспе бауырсақ , ашыған бауырсақ, жол бауырсақ, кеспе бауырсақ, ірімшікті бауырсақ, бармақ бауырсақ, жәй бауырсақ түрлері бүгінгі фестивалімізде орын алды. Ендеше  қазақ халқының дастарханының сәні – бауырсақ. Қазандағы майға қызара піскен ыстық бауырсақты балалар да, ересек те де сүйсініп жеді. Бүгінгі іс-шарада бауырсақтың алуан түрлілігі мен сан түрлі жасалу жолымен қатысушылар таңғалдырды.


Фестивальға 350 оқушы, 200 ата-ана, 20 педагог тартылды.