«Елімай» алғашқы ойынын тең нәтижемен аяқтады

912
көрілім
Фотосурет fc_elimai парақшасынан

Көптен күткен Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымы да басталады. Бір ұжым қаржылық мәселеге байланысты ойыннан шет қалса, енді бірі қарсыласын ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осыларға қысқаша тоқталуды жөн көрдік.
1-2 наурыз күндері болған ҚПЛ-дың алғашқы ойындарында «Астана» ұжымы мен «Жеңіс» арасында болған матчта былтырғы вице-чемпиондар жауапсыз екі гол соғып, үш ұпайға ие болды. Келесі ойын «Қайрат» пен «Қызылжар» арасында өрбіді. Бұл кездесудің нәтижесі 2:1 есебімен алматылық клубтың пайдасына шешілді. Қызылордалық «Қайсар» «Ақтөбемен» жолығып, өз алаңында 1:3 есебімен жеңілді.
Премьер-лигаға жаңадан қосылған «Елімай» өз алаңында Атырауды қабылдады. Біршама тәжірибелі ойыншылардан жасақталған семейлік команда алғашқы ұпайын ұлды. Жеңіске жеткен жоқ, десе де қос ұжым арасында кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды. Ал осы екі күн ішіндегі ең ірі есеп тіркелген ойын ол Премьер-лиганың былтырғы чемпиондары шымкенттік «Ордабасы» мен қарағандылық «Шахтер» арасында болды. Шымкенттіктер өз алаңында кеншілерді 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, қоржындарына үш ұпай салды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан екі клуб та аянып қалмады. Кестеге сәйкес, «Жетісу» мен «Ақсу» ойыншылары өзара мықтыны анықтаулары керек еді. Бірақ қаржылық мәселеге байланысты «Ақсу» Премьер-лигада ойнай алмайтын болды.
Алмас КЕЛЕСБАЙ