Елімізде бірінші сынып оқушылары қыста екі рет демалады

399
көрілім
Фото:diapazon.kz сайтынан

Оқушылардың қысқы демалысы 10 күнге созылмақ. 8 қаңтарда сабақ басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бірінші сынып оқушылары үшін оқу жылының ұзақтығы – 33 апта, 2-11 (12) сыныптарда 34 аптаны құрайды.  
Биыл бірінші сынып оқушыларында екі рет демалыс болады. Жыл сайын оларға 5-11 ақпан аралығында  қосымша демалыс күндері белгіленген.
Естеріңізге салсақ, Оқу-ағарту министрлігі биыл мектептегі оқуды 25 мамырда аяқтау туралы шешім қабылдаған. Бірақ, ведомство өкілдері оқу жылын ұзарту шешімінен бас тарпады. Барлық қажетті дайындық жұмыстары жүргізгілген соң Қазақстанда оқу аптасының саны ұлғаюы мүмкін.
Сонымен қатар, республикамыз әлемде ең ұзақ демалыс алатын елдердің тізіміне тұр.