Елімізде қай пән мұғалімдеріне сұраныс бар

243
көрілім
Фото:aqmeshit-zhastary.kz сайтынан

 – Еліміздің мемлекеттік мектептерінде 2 817 педагог жетіспейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік мектеп педагогтеріне қажеттілік 2 817 адамды құрайды. Оның ішінде математика, орыс тілі мен әдебиеті, физика, бастауыш сыныптар, химия, ағылшын тілі, музыка, информатика, тарих, құқық негіздері, көркем еңбек, география, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, бастапқы әскери және технологиялық дайындық педагогтеріне сұраныс бар», - деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.