Елімізде жыл құсы таңдалды

428
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Қазақстанда жыл құсы ретінде маубас жапалақ таңдалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Маубас жапалақ — жапалақ тәрізділер отрядына жататын кішкентай құс. Салмағы 60-130 г, қанаттарының ұзындығы 50 см-ге дейін жетеді. Сұр-қоңыр түсті, иық қауырсындарында ақ дақтары бар. Мамыр-шілде айларында көбейеді (кейбір аудандарда наурыздан тамызға дейін), әдетте ұясын ағаш қуыстарында байқауға болады. Ұяларына  салмағы 15г болатын 2-ден 6-ға дейін жылтыр ақ жұмыртқа салады. Инкубациялық кезең 25 күнге, қоректендіруі шамамен 4 аптаға созылады. Балапандар ұядан бір аптадан кейін ұшады. Олардың түсі сұрғылт, ересек құстарға тән емес көлденең жолақтары бар. Маубас жапалақ түнгі көбелектер мен қоңыздармен қоректенеді, омыртқалыларға сирек шабуыл жасайды. Ол кішкентай бақаларды, кесірткелерді, сүтқоректілерді аулай алады. Табиғатта 6 жылға дейін өмір сүреді.