Елімізге маска режимі қайта енгізілуі мүмкін бе

453
көрілім
Фото: sckk.by сайтынан

Қазақстандықтар қайта маска тағуы мүмкін бе? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі  Кazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Коронавирус инфекциясының таралуы жыл бойы жүреді. Біз оны ай сайын тіркеп, бақылап отырмыз. Коронавирус жұқтыру фондық (фоновые) аурулары бар адамдарға қиынға түседі. Бұл – негізінен қарттар. Одан бөлек созылмалы ауруы бар науқастар, әсіресе тыныс алу және жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққандарға да оңайға соқпайды. Осы орайда біз жоғарыда аталған қатардағы азаматтарды ревакцинациядан өтуді ұсынамыз», - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, өткен жылы 350 мың азамат COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алған. Сондай-ақ министр «Қазақстандықтар қайта маска таға ма?» деген сауалға жауап берді.

«Біз маска тағуды ұсынамыз. ЖРВИ маусымы қалай басталады, яғни қазан-мамыр айлары аралығында бас санитарлық дәрігердің қаулысымен маска кию ұсынылады. Сонымен қатар медициналық ұйымдарда да маска режимі енгізіледі. Маскаға қатысты тағы бір нақтылағым келеді, біз тек ұсынамыз», - деп толықтырды ведомство басшысы.