Глубокое ауданында туризмді қалай дамытпақ?

101
көрілім
Фотосурет облыс әкімдігінен

Өскеменде өткен жиында аудан әкімі Эльдар Тұмашинов ауданда туризмді дамыту туралы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлғаның сөзінше, әкімдік «Таулы Үлбі – «Алтай Альпісі» ТШК» туристік бағытын дамыту тұжырымдамасын әзірледі. Мемлекет пен бизнес жоспарлы түрде бірнеше жыл ішінде бәсекеге қабілетті туристік бағыт құрылмақ. Көру алаңы, кемпинг-аймақ, жәрмеңке аймағы бар сауда орындары, велосипедті жалға алу, жағажай аймағы, балалар алаңы бар аллеяны, сондай-ақ SPA-орталық, қонақ үйлер, жабық бассейн, футбол алаңын орнатып, «The Forest» мейрамханасы орналасқан жерде жылдам тамақтану пунктін салу жоспарда бар. Туристердің көптеп келуі үшін «Алтай Альпісі» тау-шаңғы курортында мейманхана, жылы беседкалар, ілмек көтергішті арқан жолдар және бэби-лифт салу жоспарланып отыр.
- Туризмді тартымды және танымал ету мақсатында бірқатар іс-шара қарастырылған. Бұл ауданымызға туристер санын көбірек тартуға мүмкіндік береді. Осындай шаралардың бірі ретінде өткен демалыста өткен ски-кросс және сноуборд-кросс бойынша әуесқойлар арасында ашық біріншілік. Жарысқа қатысушылар мен қонақтар оң пікірін білдірді, - деді аудан басшысы.