Глубокое кентінде саябақ жөндеуден өтпек

283
көрілім
Фотосурет шартты

Үстіміздегі жылы Глубокое ауданының Глубокое кентіндегі саябақ жөндеуден өткізіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өткен жылы ауданда «100 ауылды абаттандыру» облыстық бағдарламасы аясында бөлінген 130 млн. теңге қаржыға бірқатар спорттық алаңдар мен балалар ойын алаңдары жаңартылған. Бұдан бөлек,  кенттер пен ауылдарда саябақтарды абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылған. Белгілі болғандай, аудан орталықтарының бағдарламасына сәйкес Глубокое кентіндегі саябақты жөндеуден өткізуге 100 млн теңге қаржы бөлінген.

Нұрбек АСҚАРОВ