Гөмеч ауданы теңіз асты мүсін музейі

455
көрілім

Түркітілдес журналистер қорының Балыкесир журналистер одағымен ортақ жобасы жалғасуда.

Бүгін Балыкесирге қарасты Гөмеч ауданы әкімі Мехмет Ирем Химам мырзамен кездестік. Әкім мырза Эгей теңізінің астында ашылған музеймен таныстырды. Мифологиялық кейіпкерлердің мүсінінен құралған музейге шетелдік туристердің қызығушылығы зор екен. Әкімнің айтуынша, мүсіндердің бәрі – мәрмәрдан.

Жыл сайын әр елден жиналатын мүсіншілер әртүрлі кейіпкерді тастан қашайды. Теңіздің 12-24 метрлік тереңдігіне тасталатын мүсіндерге кальмарлар жұмыртқалап, балдыр басады. Тереңге сүңүитін туристерге ерекше көңіл сыйлайды. Түркітілдес журналистер қоры 2024 жылы қазақ журналистерді теңіздің астындағы ертегі әлемін көрсету үшін арнайы іссапар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.