«Хабар» телеарнасы Семей ядролық полигоны туралы тарихи телехикая ұсынды

890
көрілім
Фотосурет qamshy.kz сайтынан

 Желтоқсан айының 17-18-і күндері сағат 21: 40-та, ал 19 желтоқсан күні сағат 22.00-де «Хабар» телеарнасында алты сериялы «Полигон» жаңа телехикаясының тұсаукесері болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Саяси детектив Семей ядролық полигонының жабылу тарихын сан қырынан ашады.
 – Бізде бұл жобаны жасауға 4-5 айдай уақыт болды. Фильмде мен тарихи фактілерді және  көркем фильмдік фантастиканы біріктіргім келді. Атақты «Карталар үйі/Карточный домик» фильмі мені шабыттандырды. Біз шындықты іздеген жоқпыз, біз ақиқатты іздедік. Ал телехикаяның ақиқаты біреу ғана - кез-келген қару  бұл адамдардың  бір-бірімен сөйлесуін тоқтатуларының нәтижесі. Мен «Хабар» Агенттігіне полигон тақырыбы көтерілгені үшін және жобаны жүзеге асырудағы батылдықтары үшін алғыс білдіремін, - деді телехикаяның қоюшы режиссері Ахат Ибраев.
 Оқиға желісі ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңында басталады. Сюжет мазмұнында нақты тарихи тұлғалар бар. Олардың ішінде  Қазақстан Компартиясы Семей облыстық комитетінің бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы   Г.В. Колбин, антиядролық қозғалыстың жетекшісі Олжас Сүлейменов, ҚазКСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы, содан кейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы және республиканың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бар. Телехикаядағы маңызды рөлдердің бірін   М.С. Горбачев образы атқарады. Кинокартинада оның Кеңес Одағының бүкіл кеңістігін қамтыған және ҚазКСРО-індегі өзгерістерге түрткі болған идеялары көрсетілген.
   Сонымен қатар телехикаяда  ойдан шығарылған кейіпкерлер бар: зардап шеккен аймақ тұрғындары, оларға қарсы тұрған полигон бастығы, КГБ агенттері. Әрбір кейіпкердің оқиғалары қосалқы  және маңызды емес болып көрінбейді, сіз әр кейіпкер туралы алаңдайтын боласыз, сізге сюжет шарықтау шегіне жеткен сайын барлық кейіпкерлерді не күтіп тұрғандығы қызық болады. Фильм кейіпкерлері сенімдеріне, мінездеріне, мәртебелеріне, тапсырмаларды шешу жолындағы пайымдарына қарай  әрекет етеді. Олардың кейбіреулері аңғал және ашық, кейбіреулері қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланады, ал кейбіреулері немқұрайлы қарайды, бірақ картинада өз мақсаттары үшін қатыгез және арамза  қадамға баратын кейіпкерлер де  бар.
   «Полигон» телехикаясында кез келген сәтте түрлі жағдайлар, жантүршігерлік оқиғалар алыс жерде емес, үйдің түбінде орын алып жататын қарапайым азаматтардың өмірлері мен тағдырлары көрсетілген.
   Телехикаяның  басты рөлдерін танымал актерлер: Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлінде Азамат Сатыбалды, Олжас Сүлейменовтің рөлінде Ерлан Біләл, Кешірім Бозтаевтың рөлінде Жандарбек Садырбаев, Геннадий Колбиннің рөлін Сергей Матвеев сомдады. Жалпы, жобада 10-ға жуық негізгі және 20 эпизодтық рөлдер ұсынылған.
 Қазақ халқының жаһандық апатты қалай болдырмағаны туралы оқиғаны телекөрермендер 17-18 желтоқсан күндері сағат 21: 40-та, ал 19 желтоқсан күні сағат 22.00-де  «Хабар» телеарнасынан тамашалай алады.