Қалқаман Сарин Өскеменде мәдениет саласын басқармақ

406
көрілім

Өскемен қаласының мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қалқаман Сарин 1998 жылы Евразия ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

1998-2008 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық музыка академиясында тарих пәнінің мұғалімі, 2008-2018 жылдар аралығында Еуразия Ұлттық университетінде оқытушы, ректордың кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Соңғы қызметі - ұлттық «Шалқар» радиосының директоры.

- Қалқаман Сарин – ҚР Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры сыйлығының иегері, - деп жазды қала әкімі Жасқылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына.