Қалта қағылды

315
көрілім

Облыс орталығында ондаған тұрғын жағажайда спирттік ішімдік ішкендері үшін жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті полиция қызметінің жүргізген рейд нәтижесінде "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша бес адам жауапкершілікке тартылды. "Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бабы бойынша 43 заңбұзушылық фактісі анықталды, деп хабарлайды Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі. Бұл тек маусым айындағы көрсеткіш.

- Сондай-ақ тәртіп сақшылары уақытша ұстау және орналастыру орталығына 34 адамды әкелді, - деп қосты жергілікті полиция қызметі.

Ерлен ОСМАНОВ