Қара қасқыр қолға түсті

1012
көрілім

Тарбағатай ауданының аңшылары ауыл-аймақтағы төрт түлікке маза бермеген қасқыр үйірін анықтап, аулауға шықты.

Әлеуметтік желіде аңшылардың бірі жыртқышты аулау барысында қара реңкті ерекше қасқырдың ауланғаны жайында жазба қалдырған.

"Бұл өңірде тұрғаныма қанша жыл болса да дәл мұнадай құбылысты алғаш рет көрдім. Қара қасқыр Канада мен тундрада тіршілік етеді деп еститінбіз, алайда Тарбағатайда қара қасқыр кездестіреміз деп кім ойлаған", десті жергілікті тұрғындар.

Атып алынған аң қасқырдың қаншығы екен. Ауланған төрт қасқырдың үшеуі ересек болса, біреуі бөлтірік.

Қара қасқыр – немесе канадалық қара қасқыр. Көбінесе Солтүстік Америка мен Аляска аумағында жиі кездеседі. Бұл қарапайым қасқырдың бір түрі. Терісінің қара түсімен ғана ерекшеленеді. Канаданы мекендейтін қара қасқырлардың дене бітімі аса ірі болып келеді.

Ерлен ОСМАНОВ