Қасым Қайсенов кентінде жайлылығы төртінші класс болатын тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

342
көрілім

Ұлан ауданындағы Қасым Қайснов атындағы кентте төрт бес қабатты тұрғын үй салынды. Өз үйі жоқ азаматтар енді тиімді бағамен Өскемен қаласынан 15-30 минуттық жерден пәтер сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл раы журналистерге Ұлан ауданының әкімі Дәулет Батырбев хабарлап отыр.

Жаңа тұрғын үй жайлылықтың төртінші класына жатады. Ол нені білдіреді? Бұл ең алдымен, заманауи жоспарлау мен үлкен аумақ. Бір бөлмелі пәтердің көлемі 42-ден 46 шаршы метрге дейін барады. Екі бөлмелі пәтерлердің аумағы 62, үш бөлмелі пәтерлер — 85 шаршы метр.

Пәтерлерді сатып алу «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мен «Банк Центр кредит» арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, Дәулет Батырбаев өз сөзінде Қасым Қайсенов кентінен пәтер алудың басымдылығына ерекше назар аударды. Біріншіден, тиімді баға. Екіншіден, экологиялық таза аймақ.

Жекеменшік тұрғын үйлерді құрылысы үшін қажетті инфрақұрылым жүргізу бойынша жұмыстар «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында жүзеге асырылады.