Катонқарағайдағы әуежайды қалпына келтіру үшін инвестор тартыла ма?

85
көрілім
Фотосурет Baribar.kz сайтынан

Бұл ауданның әсем табиғаты аймаққа тек қазақстандық емес, экотуризмді ұнататын шетелдік туристерді де тартады. Алайда қорғалатын аймаққа жету біршама қиын, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Осы ретте әуе рейстерін ұйымдастыру арқылы логистиканы жақсарту жоспарлануда, бірақ бұл әуежайды қалпына келтіруді талап етеді. Қазір аталған мәселені облыс әкімдігі Көлік министрлігімен бірлесіп пысықтауда. Тиімдісі, оны жөндеу үшін инвестор тарту керек.
Бүгінде Катонқарағай әуежайы Қазавиақұтқару акционерлік қоғамы тікұшақтарына арналған алаң ретінде жұмыс істейді.
    — Бұл әуежай тезірек жұмысын бастаса дейміз. Содан кейін Алматы мен Астанаға тікелей рейстер ұйымдастыруға болады, — деді ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақов.
Іңкәр ТӨЛЕГЕНОВА