Қазақстан халқының саны 18 миллионға жуықтады

677
көрілім

Қазақстан халқының саны 18 миллионға жуықтады. Мұндай деректі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті ұсынды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2017 жылғы 1 мамырда еліміздегі халық саны 17 994,2 мың адамды құрады. соның ішінде қалалықтар – 10 345,1 мың (57,5%), ауылдықтар — 7 649,1 мың адам. 2016 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 241,1 мың адамға немесе 1,4 процентке өсті, – делінген комитет ақпаратында.

Сонымен қатар, аталған ведомство мәліметінше, 2017 жылғы қаңтар-сәуірде 121,5 мың бала дүниеге келген. Бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 7,4 процентке кем. Ағымдағы жылдың 4 айында республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 9 мың адамға немесе 10,4 процентке кеміп, 77,2 мың адамды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны – 44,3 мың адам. Бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 1,5 процентке кем.