Қазақстан суицид көрсеткіші бойынша бірінші орынға шықты

329
көрілім

Душанбедегі мәдени мұра және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі Орталық Азия университетінде өзіне қол жұмсау бойынша 30 жылға созылған зерттеу нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Бақ.кз агенттігіне сілтеме жасап.

 Америкалық Хьюстон-Даунтаун университетінің оқытушысы Шахназ Савани аталған оқу орнында "Орталық Азиядағы суицид: қауіп пен қорғау факторларын жүйелі зерттеу" тақырыбында лекция оқыды.

Баяндамада атап өтілгендей, әлемде жылына 1,5 млн адам өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасады. Суицидтің 76%-ы табысы орта және төмен елдерде жасалса, 60%-ы Азия елдерінде орын алады.

"Орталық Азияның өзге елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда өзіне қол жұмсайтындар саны көп - 48,1%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш Түрікменстанда 15,8%, Өзбекстанда 13,6%, Қырғызстанда 13,4%-ға жеткен. Тәжікстанда суицид жасайтындар көрсеткіші біршама төменірек болғанымен, ол елде де суицид саны - 7,2%-ға жетіп, азаймай тұр ", - деп атап өтті ол.

Шахназ Саванидің пікірінше, аймақта халықтың көбі ислам дінін ұстанатынына қарамастан, жанын қию көрсеткіші төмендеген емес.