Қазақстанда 4000 адам азғасын ауыстыруға кезекте тұр

153
көрілім

Қазақстанда 4 мың адамның ағзасын шұғыл түрде ауыстыру керек. Бұл туралы "Қазақстан халқына қорының" басқарма төрағасы Болат Жәмішев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Санжар Асфендияров атындағы медицина университетінде 2023 жылғы мамырдан желтоқсанға дейін көздің мөлдір қабығын ауыстыру бойынша (роговица) 93 операция жасалды. Жалпы дәрігерлер қордың ақшасы қажет емес екенін айтады. Олар "елімізде мәйіт донорлығы қайта жұмыс істеуі үшін заңды өзгерту керек" дейді", - деді Болат Жәмішев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жақында "Қазақстан халқына қоры" денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен конференция өткізген.

"Біз де мәйіт донорлығы туралы заңның өзгеруіне ықпал ету үшін оған қатыстық. Өйткені еліміз (мәйіт донорлығы бойынша - еск.) рейтингтің ең төменгі орнына түсіп кетті. Бүгінде 4 мың адамның ағзасын шұғыл түрде ауыстыру керек. Алайда елімізде мәйіт донорлығының жағдайы мәз емес", - деді басқарма төрағасы.

Болат Жәмішев осы бағытта тиісті жұмыс жүргізілгенін мәлімдеді.

"Сондықтан біз АҚШ-тың тін мен орган банкінен 304 пациентке көздің мөлдір қабығын жеткізу бойынша келісімшартқа қол қойдық. 93 операция жасалды. Заңға өзгерту енгізу арқылы ғана бұл мәселені шешуге мүмкіндік туды. Ағзаға мұқтаж адамдар АҚШ-қа бармай-ақ, көздің мөлдір қабығына қол жеткізді", - деді ол.