Қазақстанда мал иелеріне жаңа тәртіп енгізілді

249
көрілім
Фото: rusplt.ru

Қазақстандықтарға малды бақылаусыз жаюға тыйым салынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ішкі істер министірлігі жаңа шектеуді мал ұрлығының алдын алу мақсатында енгізілгенін түсіндірді. Атап өтілгендей, ұрлық ішінде малға қатысты оқиғалар 3 пайызды құраса да, бұл халық үшін айтарлықтай зиян келтіретін қылмыстың бірі. Осы ретте мал ұрлығының 75 пайызы (1477-нің 1111-і), еркін жайылымда жасалады.
- Соңғы 5 жылда мал ұрлығы 62,5 пайызға, оның ішінде 2023 жылы 16,3 пайызға қысқарды. Дегенмен, осымен тоқтап қалмаймыз, бұл жұмыс тұрақты жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ішкі істер министрлігінің бастамасымен әкімдіктер мал жаю ережелерін бекітті, оған сәйкес, оларды бақылаусыз жаюға тыйым салынады. Аталған ережені бұзғандарға 3-тен 10 АЕК дейін ( шамамен 11-ден 37 мың теңгеге дейін) айыппұл қарастырылған. Ол ӘҚБтК-нің 408- бабы әкімшілік жауапкершілік бойынша тіркеледі», - деп хабарлады ІІМ.
Ескеретін жайт, Қазақстанда мал ұрлығы үшін ең қата жаза – мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Үш жақты келісімшарт жасау арқылы малды қарусыз қалдырмау (ал иесі-әкімдік-шопан);
GPS трекерлерін орнату арқылы асыл тұқымды мал басын бақылаудың заманауи әдістерін кеңінен қолдану;
Міндетті түрде малды таңбалау және сырға салу арқылы малды іздеуге оң әсерін тигізіп, малшылар арасында туындайтын келіспеушіліктерді шешуге мүмкіндік береді.