Қазақстанда сары май қымбаттады

466
көрілім
Шартты сурет
Қазақстандық май зауыттары жыл басынан бері сары майға сұранысты 71 пайызға қамтамасыз етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Tengrinews-қа сілтеме жасап.
 

2022 жылдың қаңтар мен мамырында еліміздің ішкі нарығында сары майды сату 19,9 пайызға өсіп, 12,5 мың тонна болды. Осы кезеңде экспорт 4 есеге жуық азайып, елеусіз 541,5 тоннаны құрады.

2022 жылдың шілдесінің соңында тұзсыз сары май бағасы бір айда 1,2 пайызға қымбаттады. Жыл басынан бері баға бірден 14,7 пайызға өсті.