Қазақстанда зиянды тағамдарды жарнамалауға тыйым салынатын болды

494
көрілім
Фото: restoclub.ru сайтынан

Бұған дейін Сенат депутаттары балаларды зиянды тауарлардың жарнамасынан қорғауды ұсынған. Вице-премьер Тамара Дүйсенова бұл мәселені бірнеше министрлік пысықтап жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық телерадиоарналарда балаларға зиянды тауарларды жарнамалауға уақытша шектеулер енгізу мәселесін пысықтап жатыр, – дейді Дүйсенова жауабында.

Зиянды тауарлар қатарына қант, тұз және транс майлары көп тағамдар енгізіледі. Дүйсенованың айтуынша, жарнаманы шектеуден басқа, қажетсіз тағамды тұтынуды азайтудың басқа шаралары қарастырылады.

– Кәсіпкерлермен аса маңызды заттардың құрамын ескере отырып, тамақ өнімдерін буып-түюге қосымша түсті индикациямен таңбалауды енгізу бойынша жұмыс жалғасады, – дейді ол.

Бұған дейін құрамында қант бар сусындарға салық салу ұсынылды, қазір бұл мәселе Мәжілісте талқыланып жатыр.