Қазақстандық жемқор шенеуніктердің ең «сүйікті» сөздері қандай?

1026
көрілім
Фото: incrussia.ru сайтынан

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алу кезінде жиі кездесетін сөздерді, сөз тіркестерін, ым-ишара мен әрекеттерді анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Антикор әр істе жеке қарау керек екендігін баса айтты. Жемқорлық әрекеттер жағдайға қатысты сөз тіркестерден кейін орындалуы мүмкін.
Ең көп таралған сөздер мен тіркестер:
«Мәселені шешу керек»
« Менен кейін тот баспайды»
«Рахметін айтамын»
«Көреміз»
«Байланыстамыз»
«Уәде бере алмаймын, бірақ ойыңызды түсіндім»
«Қызметті монетизициялау туралы ұсыныс»
«Келісейік»
«Тойды қашан жасаймыз және қонақ санын атап өтіңіз»
«Жақсы жаңалық күтемін».
Жиі қолданылатын қимылдар: саусақтарды уқалау, басын изеу, көз ілмей меңзеу, қалта сипау, қол алысу, ұялы телефон немесе калькулятор арқылы соманы көрсету.