Қазақстандықтарды мектеп оқулықтарына қатысты пікір білдіруге шақырды

609
көрілім
Фото:rsv.ru сайтынан

Қазақстандықтарға жаңадан әзірленген оқулықтарды әлеуметтік желіде талқылауға шақырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы ҚР Білім министірлігінің Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы мәлімдеді.
Қоғам мен академиялық қоғамдастық өкілдері оқулықтардың әртүрлі аспектілерін, соның ішінде мазмұн сапасы, құрылымы, әдістемелік тәсілдері, тілі мен дизайны бойынша пікірлерін қосуға шақырылады.
Жаңа оқулықтарды талқылау процесі тиісті веб-сайтта өтеді.
Қазір талқылауға салынған оқулықтар:
Үшінші сынып үшін – «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері, «Орыс тілі» (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін); шет тілдері (ағылшын, француз);
9-11 сыныптар үшін –«Неміс тілі»;
5-9 сыныптар үшін – «Жаһандық құзыреттер» оқулығы;
Үшінші сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінен электронды оқулықтар.
Қоғамдық талқылауға қызығушылық танытқандар не істеу керек?
1) Порталда тіркелу;
2) Оқулықтардың түпнұсқа макеттерімен танысу;
3) «Пікір қосу» батырмасын басып, пікір қалдыру.