ҚР Энергетика вице-министрі Тарбағатайдағы газ қоры сарқылып бара жатқанын айтты

221
көрілім
Фотосурет Kursiv.kz сайтынан

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Асхат Хасеновтың сөзінше, министрлік өндірістік салаға қолайлы инвестициялық ахуал әзірлеуде жүйелі жұмыстар атқарып келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінде соның аясында 9 млрд долларға бағаланған бес келісімшартқа қол қойылды.

– Одан басқа, былтыр 28-і желтоқсан күні жер қойнауын пайдалану кодексі, сарқылған кен орындары бойынша реформаларға қол қойылды. Яғни, сарқылған кен орындарын одан әрі ынталандыру бойынша, соның нәтижесінде қосымша мұнай өндіруге жағдай жасау басшылыққа жасалған. Одан бөлек, бүкіл бюррократиялық, әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша шаралардың уақтылы қабылдануы маңызды, – деді Асқар Хасенов.

Сондай кедергілерді реттеудің тиімді әдісі де бар көрінеді. Айталық, геологиялық жұмыстарды алаңда бастау бойынша құжат жүзіндегі келісім мерзімі 120 күннен 50 күнге дейін қысқарды.

– Бұдан былай геологиялық барлау жұмыстарына жылына 200 млрд теңге бөлінбек. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қарастырсақ, осы бағытта үш келісімшарт түсті. Соның ірісі – Тарбағатай ауданындағы мұнай мекемесі, «Сарыбұлақ» кен орны. Қазіргі таңда аталған аудан аумағында газ қорлары өңделіп жатыр. Ол сарқылуда. Бұдан басқа, тығыздығы жоғары «Сарыбұлақ» мұнай кен орны игерілуде. Мемлекеттік баланста С1, С2 категориясы бойынша геологиялық мұнай қорлары 99 млн тоннаны құрайды. Тарбағатайдағы кеніштің тығыздығы да, тұтқырлығы да жоғары, – деді вице-министр.

Әділхан ЕСІМХАНОВ