Мейрам күндері Өскеменде 300-ге жуық адам түрлі жарақаттармен дәрігерлер көмегіне жүгінген

1144
көрілім

Берілген мәліметтерге сүйенсек, зардап шеккендердің ешбірі ауыр жарақат алған жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, желтоқсан айының 31-і мен қаңтардың 3-і күні аралығында Өскемендегі травмотологиялық пунктке 300-ге жуық адам жүгінген.
- Көбі отшашу кезінде қолынан білекке дейінгі аралықты күйдіріп алған. Бір адам ыстық суға күйіп қалыпты, басым көпшілігі жол-көлік оқиғасы кезінде жарақаттанды, - делінген мәліметте.
Тағы бір айта кетерлік жайт, травмпунктке түскен ешбірінің ауыр жарақаты болмаған.