Наурыз мерекесіне орай Өскеменде 200-ден астам іс-шара өтеді

84
көрілім
Фотосурет Avantour.com сайтынан

Қала тұрғындары мен қонақтары түрлі концерттерге, көрмелер мен спорттық сайыстарға қатыса алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

14 наурыздан 23 наурыз аралығында«Ұлттық киім күні» челленджі өткізіледі. Сондай-ақ 14 наурыз күні «Premier» караоке клубында «OSKEMEN STARS» караоке байқауы ұйымдастырылады. Басталуы: 19:00-де.

16 наурыз, сағат 10:00 - Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен қалалық турнир басталады.

17 наурыз күні сағат 13:00-де Комендантка өзенінде «Наурыз FEST» жастар фестивалі өтеді.

21 наурыз, сағат 19:00-де Неке сарайында «Nauryz quiz» зияткерлік сайысы ұйымдастырылады.

22 наурыз күні Республика алаңында:

10:00-14:00 аралығында қала өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Шара қонағы – қазақ эстрадасының жұлдызы Ұланғасыр Қамиев. Сондай-ақ концертте Мұтұрғановтардың «Шапито» циркі өнер көрсетеді. Караоке мен «Бауырсақ кеші» сайысы ұйымдастырылып, «Үздік киіз үй» байқауының жеңімпаздары марапатталады.
19:00-22:00 аралығында өнер жұлдыздары Kalifarniya мен Нұргүл Мыңғатованың қатысуымен концерт өтеді.

Қымбат МУХАМАДИЕВА