"Nur Otan" партиясының кандидаты көпбалалы ананы қоныс тойымен құттықтады

757
көрілім
Бүгін Семей қаласында "Nur Otan" партиясының әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі Шолпан Чегедекова Қарағайлы шағын ауданында жаңа тұрғын үй иесі көпбалалы ананы құттықтады.
 
Шолпан Бағланқызы облыстық мәслихат депутаттығына кандидат. Ол көпбалалы ананы қоныс тойымен және Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жаңа пәтер иелеріне ізгі тілектерін жеткізді
Сондай-ақ, кездесу барысында Шолпан Чегедекова Nur Otan партиясының сайлауалды  бағдарламасымен таныстырып өтті. 
- Бүгін біз көп балалы отбасын қуаныштарымен құттықтап келдік. Қазір өздеріңіз білетіндей, республика бойынша партиялардың үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан партиямыздың бағдарламасы туралы айтып, 2025 жылға дейінгі жоспарларымызды таныстырғымыз келеді, - деді Шолпан Бағланқызы.
Ол бағдарламаның барлық бағыттарына тоқталып, көп балалы ананың пікірін тыңдады. Біраз ұсыныстарын назарға алды.