Облыс әкімі Ермек Көшербаев Катонқарағай ауданындағы туристік ақпараттық орталықтың жұмысымен танысты

174
көрілім

Аталған орталық Үлкен Нарын ауылында орналасқан. Биыл мамыр айында ашылған сәттен бастап орталыққа 20 мыңнан астам турист келді, олардың басым бөлігі шетелдіктер, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Катонқарағай ауданында бірегей археологиялық ескерткіштер мен киелі орындар орналасқан. Бұл жердің інжу-маржаны, әрине, Катонқарағай ұлттық табиғи паркі. Онда туристерге кез-келген талғамға және қиындық деңгейіне 414 маршрут ұсынылады. Бұл жаяу, салт атпен және велосипедпен жүру, рафтинг және тағы басқасы. Туристік орталықта Катондағы демалыс мүмкіндіктері туралы барлық ақпаратты білуге болады, сонымен қатар ұлттық стильдегі кәдесыйлар да сатып алуға мүмкіндік бар.


Өңір басшысы Ермек Көшербаев атап өткендей, бүгінде орталықтан алынған ақпаратты облыстық базамен біріктіру қажет. Ауданға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді, турлар Ресейде және шет елде сатылады.

- Сондықтан қазір Менеджмент, Маркетинг және ілгерілету бойынша жұмыс істеу, Катонқарағай ауданының туристік әлеуетіне жаңа көзқараспен қарау өте маңызды. Бизнес өкілдері - қонақүйлердің, базалардың және демалыс үйлерінің иелері де назардан тыс қалмауы шарт, - деді Ермек Беделбайұлы.