Өңірімізде бес адам кене шағудан кейін болатын кене боррелиозына шалдықты

388
көрілім

Биылғы жылы кене шағу бойынша 1389 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Қоғамдық денсаулық департаментіне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, эпидемиологиялық маусым басталғалы бес адам кене жәндігі тарататын қауіпті инфекцияны жұқтырған. Қазіргі уақытта кенеден таралатын Лайм дерті Зырян аудандарынан анықталған.

- Облыс аумағында тұрғындардан кене энцефалиті ауруның белгілері анықталған жоқ, - деп қосты құзырлы мекеме қызметкерлері.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ