Өңірімізде жыл басынан бері балық ресурстарын қорғау заңдылығын бұзған 304 факті анықталды

318
көрілім
vrubcovske.ru

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жыл басынан бері өңірімізде балық ресурстарын қорғау заңдылығын бұзған 304 факті анықтады. Заңсыз ауланған 7 тоннадан астам балық тәркіленіп, 284 адамға 4 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Сонымен қатар, Зайсан және Көкпекті аудандарының тұрғындары болып келетін 6 адамға қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды. Инспекция басшылығының мәлімдеуінше, келтірілген шығын 1 миллион теңгеден асып жығылған.

Естеріңізде болса, біз бұған дейін балық уылдырық шашатын 10 сәуір-10 маусым аралығында Зайсан, Алакөл, Сасықкөл көлдері мен Аягөз өзенінде, Бұқтырма, Шүлбі және Өскемен суқоймаларында балық аулауға тыйым салынатыны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ