Өскемен автобустарының бірі бағытын өзгертті

409
көрілім

ЖМК ықшамауданының тұрғындары қоғамдық көлік бағытының өзгергеніне шағымданды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Мен Көкжал Барақ көшесінде тұрамын. Дүйсенбі күні №17 автобус «Қан орталығы» мен «Мектеп» аялдамасына тоқтамайтынын естіп-білдім, - дейді қала тұрғыны Оксана. - Енді балалар мектепке қалай бармақ?

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі осы уақытқа дейін №17 мбағытындағы автобус Есенберлин даңғылымен Көкжал Барақ аялдамасына дейін жүретінін айтты.

23 желтоқсаннан бастап № 17 автобус Есенберлин даңғылынан  Әл-Фараби даңғылына бұрылып, содан кейін Көкжал Барақ көшесіне бағыт алады.

- Әл-Фараби даңғылындағы жаңа аялдама Көкжал Барақ мектеппен бірдей қашықтықта көшесінде орналасқан. Енді оқушылар басқа жолмен баруға тура келеді, - деп түсіндірді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Владимир Землянский.