Өскемен қаласында балаларды қорғау күніне орай салтанатты шеру өтті

499
көрілім

ШҚО әкімдігі және облыстық Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Өрле, Қазақстан!» балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өскемен қаласындағы Республика алаңында 1 маусым - балаларды қорғау күніне орай облысымыздың түкпір-түкпірінен 5000-ға жуық музыкалық оркестрлер мен ансамбльдердің шәкірттері салтанатты шеру өткізді.

– Балалар қуанышы салтанат құрған мереке баршамызға құтты болсын! Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры демекші, халқымыз саналы ғұмырында салиқалы ұрпақ тәрбиелеуге тырысқан. Бүгінгі бала – ертеңгі жас маман, еліміздің болашағы. Барлық балақайларға көңілді де пайдалы демалыс тілеймін, – деді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

 

Ботакөз КЕНЖЕХАНОВА