Өскемен қаласында бас шырша 17 желтоқсан күні жанады

478
көрілім

Облыс орталығында Тәуелсіздік күнін мерекелеудің соңғы күні бас шырша жағылады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Өскемен қаласы ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, 17 желтоқсанда сағат 18.00-де Республика алаңында «Жарқыра, шырша, жарқыра!» театрландырылған музыкалық қойылым өтеді.

Еске сала кетейік, Жаңа жыл қарсаңында Республика алаңында, Комендант саябағында, Арбатта және Комсомол аралында жаңажылдық шырша орнатылады.