Өскемен мектептерінің оқушылары ШҚО мәслихатының депутатымен кездесті

254
көрілім

Өскемендік мектеп оқушылары мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Олег Чернышовтың арасында қызықты кездесу өтті. Балалар бір сағат бойы депутатқа өздерін толғандыратын сұрақтарды қоя алды.

«Депутат деген кім және ол немен айналысады?», «Осы жұмыс үшін сіз қанша ақша аласыз?», «Жоғары нәтижеге жету үшін міндетті түрде жақсы оқу керек пе?», «Қоғамдық жұмыспен айналысу маңызда ма?». Бұл балалардың депутатқа қойған сұрақтары.

— Мәслихат депутатының жұмысы төленбейді. Мен бұл жұмыспен қоғамдық негіздерде айналысамын, — деп түсіндірді Олег Владимирович. — Өзімнің депутаттық қызметіме барлық бос уақытымды арнаймын. Ал еңбекақыны негізгі жұмыс орнымнан аламын — «ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС.

Латын таңбасына көшуге қатысты сауалға жауап ретінде депутат өзінің өмірінде орын алған қызықты оқиғамен бөлісті.

— Менің қызым Құрама штаттарда оқып жүргенде, ол бізге орыс тілінде латын таңбасымен хат жазатын, өйткені орыс өаріпінде жазуға мүмкіндік болмайтын. Басында оның хаттарын оқуға қиналатынбыз, уақыт өте келе үйреніп алдық, — дейді Олег Чернвшов. — Республикалық деңгейдегі мұндай шешім қабылданған кезде жастарға бізге бұл қажет пе, жоқ па деп ойланбай, бірінші болып жаңа бағытқа дағдылану керек. Ағылшын тілін оқу мен латын графикасына көші біздің алдымыздан көптеген мүмкіндіктерді ашады. Өйткені бұл қазіргі уақыттағы ғылым мен жоғары технологиялардың тілі.

Әңгіме барысында оқушылар депуттардың қызметі, қоғамшылдар және басқа елдердегі тұрмыстың деңгейі туралы көптеген мәліметтер алды.

— Қызметіме байланысты, мен әлемнің көп елдерінде болып қайттым және менде қазақстандықтардың өмірін басқалармен салыстыруға мүмкіндік бар, — дейді депутат. — Біздің елде жақсы өмір сүру үшін барлығы бар, тіпті еуропалық елдерден де көп. Ал жастардың дамуы мен өсуі үшін барлық жағдай жасалған.