Өскемен тұрғыны автобуста баласын жоғалтып ала жаздады

277
көрілім

10 қаңтар күні облыс тұрғыны "102" жедел арнасына қоңырау шалып, ұлын жоғалтып алғанын айтқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әйел өзінің 7 жасар баласымен бірге Қ.Қайсенов кентінен облыс орталығына келген. Автобус "Мешіт" аялдамасына жеткенде, олар қалалық қоғамдық көлікке отыру үшін түсіп қалады. Өздеріне қажетті автобусты күтіп тұрған кезде, бала дәл жанында ойнап жүрген. Анасы автобустың бағытын сұрау үшін қоғамдық көлікке кіріп шыққанша ұлынан көз жазып қалғанын байқайды.
Кәмелетке толмаған баланың анасы бірден  хабарласып, болған жағдайды баяндап берді.
- Хабарлама түскен бойда кезекші бөлімнің қызметкерлері жақын маңдағы экипаждарға бағдар береді. Аталған бағыт бойынша бірінші болып "Қыран - 63" экипажы келді. Аялдамаға тоқтаған автобусқа кірген тәртіп сақшылары анасын іздеп жүрген баланы бірден байқайды. Сол сәтте олар анасына қоңырау шалып, ұлының аман-есен табылғанын хабарлайды, - делінген хабарламада