Өскемен жастары «Tazalike» акциясына қатысты

170
көрілім

Қаладағы колледж студенттері Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығының жанындағы алаңды ретке келтіруге атсалысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
     
Наурыз айының 15-і күні көктем мерекесі аясында және «Қайырымдылық» күніне орай белсенді жастар бас қосты.
 - «Tazalike» акциясы шеңберінде колледж студенттері Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығының жанындағы алаңда қар мен қоқысты жинауға белсене ат салысты. Жобаны ШҚО «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының филиалы ұйымдастырды, - делінген мәліметте.