Өскеменде «АDK» сауда үйінің ашылу уақыты әлі белгісіз

358
көрілім

Әкімдік 15 желтоқсанда Қазақстан көшесінде орналасқан «АDK» сауда үйінің ресми ашылуы болады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- 15 желтоқсанда Сауда үйінің тек техникалық ашылуы болады, - дейді қала әкінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетов. - Зәулім ғимараттың кейбір бөліктері әлі дайын емес, сол себепті ресми ашылуы кейінірек болады.

Әкімдіктің хабарлауынша, Сауда үйінің ресми ашылу уақыты әлі белгісіз.