Өскеменде алимент төлеуден жалтарған ер адам 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылмақ

309
көрілім
Фотосурет Baq.kz

Қала тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Алимент кәмелеттік жасқа толмаған екі баланы асырауға қажет болатын, төлем бойынша берешек 1,5 миллион теңгені құраған. Өскемендік тұрғын ресми табысы мен жұмысының жоқтығымен ақталды.

- Сот үкімінің шешімімен ер адам алимент төлеуден жалтарғаны үшін ҚР ҚК 139-бабы бойынша кінәлі деп танылды. ҚР ҚК-нің 44 – бабы, 1-бөлігіне сәйкес 100 сағаттық  мәжбүрлі еңбекке тарту, пробациялық бақылауға қойып, 1 жылға бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, - дейді Өскемендегі пробация бөлімінің аға инспекторы Ажар Оразғалиева.

Сотталушы пробациялық бақылау ережелерін бұзған жағдайда, бостандығын шектеу бас бостандығынан айыру жазасына ауысуы мүмкін. Есеп берушіге жазаны өтеу ережелері түсіндірілді.

Дильназ ЮНУСБЕКОВА