Өскеменде ауаның ластануына онлайн бақылау жүргізу уақытша тоқтатылды

291
көрілім

12 желтоқсаннан бастап өндірістік экологиялық мониторингтің аймақтық автоматтандырылған өлшеу жүйесінің газ анализаторлары тексеруге жіберіледі, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- 12 желтоқсаннан бастап Өскемендегі атмосфералық ауаның онлайн-мониторингін жүзеге асыратын өнеркәсіптік және экологиялық мониторингтің аймақтық автоматтандырылған өлшеу жүйесінің газ анализаторлары алынып, калибрлеуге және тексеруге жіберіледі, - делінген хабарламада. - Газ анализаторлары жыл сайын мамандандырылған арнайы орында тексеруден өтуі керек. Құрылғылар бүкілресейлік метеорологиялық ғылыми-зерттеу институтына жіберіледі.

Тексеру мерзімі шамамен 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады.