Өскеменде болған өрттен ер адам көз жұмды

64
көрілім
Фото сурет ШҚО ТЖД

Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан адам шығыны болды деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға 3 наурыз күні Бажов көшесіндегі бес қабатты үйде болған. Куәгерлер үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен қою түтін шығып жатқанын байқаған.
Өрт болған үйдің көрші бөлмесінен термиялық күйік шалған ер адам табылды. Жедел жәрдем қызметкерлері оның қайтыс болғанын мәлімдеді. Марқұмның 1986-ші жылы туғаны белгілі болды.

НҰРДАУЛЕТ ҚАЛИБЕКОВ