Өскеменде бүгін облыс әкімінің шыршасы өтеді

363
көрілім

Облыс орталығында балаларға арналған облыс әкімінің шыршасы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ескі дәстүр бойынша бүгін «Ертіс концерт» орталық Мәдениет үйінде сағат 15:00-де облыс әкімінің шыршасы ұйымдастырылады.

Балаларға арналған жаңажылдық сауықтыру бағдарламасына 450 жетім бала, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан, сондай-ақ 9-13 жас аралығындағы оқу үздіктері қатысады.

Мерекелік шараның барша қатысушысына әралуан ертегі кейіпкерлері сыйлықтар табыстап, тәттілер үлестірмек.

Одан бөлек, балақайларды ауқымды мәдени-сауықтыру бағдарламалары, оның ішінде: «Жаңа достар ортасында» танысу кеші, «Юбилейный» кинотеатрында жаңажылдық мультфильм тамашалау, облыстық Драма театрында балаларға арналған жаңажылдық қойылымды тегін тамашалау, қаланы аралау, спорттық ойындар және тағы басқалары күтіп тұр.

Мекенжайы: Өскемен қ., Абай даңғылы 21, «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығы

тел.: 8 /7232/ 75-26-91, 8/7232/55-20-12

Фотосурет edupvl.gov.kz сайтынан