Өскеменде донорлық акция өтеді

281
көрілім

19  наурыз күні Наурыз мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында «Наурыз – бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі!» атты ұранмен донорлық акция ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шараны орталық пен оның серіктестері: «ARLAN» корпустық жиһаз және матрацтар жасау компаниясы, «Олимп» КДЛ, Қызыл Жарты Ай Қоғамының ШҚО филиалы бірлесіп қолға алмақ.
- Қан тапсыруға ниет білдірген қаламыздың және облыстың барлық тұрғындарын қан орталығында күтеді. Қонақтар  мерекелік дастарханнан дәм татып, серіктестердің дайындаған сыйлықтарына ие болады, - делінген мәліметте.       

                   

Қан алу уақыты сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін жалғасады. Сондай-ақ іс-шараға қонақтардың ұлттық киіммен келуі құпталады.
ШҚО қан орталығының мекенжайы: Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11. 
Қан орталығына  № 17, 46, 26 автобустармен және  260 маршрутпен келуге болады. 
- Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың болуы міндетті! Акцияға достарыңызды, жақындарыңызды  және туыстарыңызды шақыруды ұмытпаңыздар! - деді орталық қызметкерлері.