Өскеменде екі күннің ішінде 20 жол-көлік оқиғасы орын алған

318
көрілім

Қалалық полиция басқармасы қызметкерлерінің мәлімдеуінше, оған қолайсыз ауа райы әсер еткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Соңғы екі күнде 20 жол-көлік оқиғасы орын алды. Оның ішінде төртеуі ауа температурасының күрт төмендеуі әсерінен болды. Сонымен қатар жүргізушілер  көктайғақ жол мен көлікаралық қашықтықты есепке алмаған. Соның салдарынан оқыс жағдайларға тап болудамыз, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазанның 21-27 аралығында облыс орталығында "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шаралары өтеді. Осыған орай полицейлер барлық темір тұлпар иелерін тасжол үстінде сақтықты жоғалтпай, жол ережелеріне мән беруді сұрайды.