Өскеменде Халық әртісі шеберлік сағатын өткізді

372
көрілім

Халық әртісі ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінде шеберлік сағатын өткізіп, студенттердің одан алған тәлімдері көп болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Еске сала кетсек, білім ордасына Қазақстанның Халық әртісі, профессор Жәния Аубакирова келген еді. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы «Фортепиано» кафедрасының доценті Гүлнәр Курамбаева мен консерватоия оқытушысы Рабиға Дюсембаева білім алушылар үшін шеберлік сағатын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Колледж ұстаздарының айтуынша, биылғы жылы алты пианист оқу ордасын тәмәмдамақ. Төртінші курс студенттері шығармашылық емтихандарға дайындық үстінде. Сондықтан мұндай мүмкіндік олар үшін ерекше өнеге болмақ.

Жәния Аубакированың сөзінше, өнер саласындағы өскемендік әріптестер арада байланыс, сабақтастық бар екендігін білуі керек. Өйткені бұл өңірде де лайықты өнерпаздар өсіп келеді.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ

Фото Анна Булгакова