Өскеменде қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда

388
көрілім

Толассыз жауған қарды тазалауға 100-ден астам техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, қаланың көлік және жаяу жүргіншілер жолын тазарту жұмыстары да тоқтаусыз және кезектілік тәртібімен жүргізіліп жатыр.
- Жауған қарды тез арада тазалау үшін кедергі келтіруі мүмкін болған көліктерді жол жиегіне қоймауларын ескертеміз, - делінген облыс әкімдігі ұсынған мәліметте.