Өскеменде қар тазалауға «Тұлпарлар» жұмылдырылмақ

353
көрілім
Фото:merkatorgroup.ru сайтынан

Жауапты тұлғалар «Таза Өскемен» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны техникаларын қалың қарды тазалауда біршама тиімді екенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Таза Өскемен» кәсіпорнының техникасы кезең-кезеңімен жаңартылуда.
- Қар тазалауға арналған тағы бес жаңа көлік алдық. Бұл техниканы жыл бойы қолдануға болады. Синоптиктер бүгін және ертең қар жауады деп болжауда. Көліктер жұмысқа сақадай сай, - деді Өскемен әкімі Жақсылық Омар.
Мекеме қызметкерлерінің мәліметінше, сатып алынған көліктер Алматыда құрастырылған.
- Бұл қар мен мұзды асфальтқа дейін тазартуға мүмкіндік беретін өте жылдам техника. Олардың тағы бір артықшылығы – құм себу. Оған тұзды су ерітіндісі құйылып, мұзды жоюға көмектеседі, - деп атап өтті «Таза Өскемен» КММ-нің директоры Асхат Таженов.